Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Иван Азовский шәкірттерінің оқу-жаттығу жиыны ертең Талғарда басталады. Қазақстан мен Сербия құрамалары арасындағы ойын Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында сырт алаңда өтеді. Кездесу 24 қазанға жоспарланған. Ойынды Стара-Пазова қаласы қабылдайды.
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Қақпашылар: Оксана Железняк ("БИІК-Қазығұрт"), Ирина Сандалова ("Хайаса", Армения), Назым Исмаилова ("Оқжетпес"); Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Шохиста Ходжашева ("Хаккаригючю Спор", Түркия), Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Мария Демидова (барлығы - "БИІК-Қазығұрт"), Тоқжан Бекпенбет, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (барлығы - "Оқжетпес"), Жанерке Перме, Камила Совет (екеуі де - ОБЖСОРМ №8); Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - "Оқжетпес), Әсел Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - "БИІК-Қазығұрт"); Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева ("БИІК-Қазығұрт"), Лейла Садықова ("Оқжетпес"), Фаиза Исмаилова (ОБЖСОРМ №8). Жаттықтырушылар штабы: Иван Азовский – бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкердің көмекшісі, Александр Убыкин – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Данияр Әнес – менеджер, Николай Стриганов – бейнеоператор.
Қазақстан құрамасының негізгі құрамының бірнеше ойыншылары Сербиямен өтетін ойынға қатыса алмайды. Елордалық ОБЖСОРМ №8 командасының қорғушысы Әйгерім Айтымова, "БИІК-Қазығұрт" командасында ойнайтын қорғаушы Екатерина Красюкова мен жартылай қорғаушы Светлана Бортникова жарақаттарынан толық айыққан жоқ. Ресейді "Зенит" командасында ойнайтын футболшы Аида Гайстенова да алдағы ойында ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.
Украинаның "Жилстрой-2" командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Ксения Хайрулина да пандемия салдарынан туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты келе алмайды. Өткен ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған Екатерина Бабшук те Сербиямен ойынға қатыспайды.