Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) атынан сайланатын мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жариялады.
"2007 жылдан бастап Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы ассамблея кеңесіне тиесілі. ҚХА кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. ҚХА сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлауға 1 ай қалғанда, яғни 11 желтоқсанда басталып, 21 желтоқсанда аяқталады, – деді Ерлан Дауылбаев.
ОСК өкілінің сөзінше, кандидаттарға қойылатын талап партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптан ерекшеленбейді.
Қанат Махамбет