Солтүстік Корея "Хвасон-18" ("Хвасонфо-18") жаңа типті құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігінде (КОТА) хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын "Хвасон-18" зымыранының жаңа түрін сынақтан өткізу шарасын жеке өзі басқарды. Пхеньян жаңа қару "соғысты тоқтатудың маңызды миссиясын орындайды" деп мәлімдейді.
Бірінші кезең стандартты баллистикалық ұшуды орындады, екінші және үшінші - жоғары бұрышта, барлық ҚБЗ жүйелерінің техникалық сипаттамалары расталды, деп атап өтті КОТА.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу