КХДР маусым айында әскери спутникті ұшыруды жоспарлап отыр

512

Солтүстік Корея маусым айында АҚШ-тың әскери белсенділігін нақты уақыт режимінде бақылауға бағытталған алғашқы әскери спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр.  

КХДР маусым айында әскери спутникті ұшыруды жоспарлап отыр Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы Кореяның Еңбек партиясы Орталық әскери комитеті төрағасының орынбасары Ли Бен Чол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Маусым айында ұшырылатын Біздің № 1 әскери барлау спутнигіміз бен сынаққа арнайы жасалған, нақты уақыт режимінде бақылау және талдау жасайтын жаңа әртүрлі барлау құралдары АҚШ пен оның спутниктерінің қауіпті әскери әрекеттерін алдын ала тежеу және әрекет ету үшін қажет",-деді шенеунік.

Оның айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының әрекеттеріне байланысты аймақта қалыптасқан қауіпсіздік жағдайы Пхеньяннан "нақты уақыт режимінде жаулардың әскери әрекеттерін білуге мүмкіндік беретін сенімді барлау құралын қолдануды" талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу