Бірінші жол түбектің батысында орналасқан және Кэсон мен Пхаджу қалаларын байланыстырады, екіншісі Жапон теңізінің жағалауында орналасқан.
Оңтүстік Кореяның "Рёнхап" агенттігі бұл жолдар бір кездері корейаралық ынтымақтастықтың символы болып саналғанын, ал Пхеньянның бүгінгі әрекетін Оңтүстікке дұшпандық таныту деп бағалауға болатынын атап өтеді.
Жарылыстар 15 қазан күні түскі уақытта болды. Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Кореяның әскери белсенділігін бақылау мен Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастығы аясында жауап беруге дайындығын күшейткенін атап өтті.
Өткен аптада Солтүстік Кореяның әскерилері КХДР аумағын Оңтүстік Кореядан "толығымен бөлу" жоспарын жариялап "кез келген теріс пікірлер мен кездейсоқ қақтығыстардың алдын алу" үшін АҚШ әскерін хабардар еткенін айтты".