КХДР Оңтүстік Кореяның шекара бекетіне оқ атты

1383

Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері радио арқылы ескерту жіберіп, екі рет жауап ретінде қарсы оқ атқан.

КХДР Оңтүстік Кореяның шекара бекетіне оқ атты

"Солтүстік Кореядан атылған бірнеше рет оқ  Оңтүстік Кореяның қарусыздандырылған аумағы ішіндегі қауіпсіздік бекетіне тиді, зардап шеккендер жоқ", – деді жексенбіде Оңтүстік Кореяның штаб жетекшілерінің біріккен комитеті.

Комитет мәліметі бойынша, КХДР жергілікті уақытпен 7:41 шамасында Чхорвон шекара қаласы маңында оқ атқан. Оңтүстік Корея зардап шеккендер мен зақымдалған объектілер туралы хабарлаған жоқ.

Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері радио арқылы ескерту жіберіп, екі рет жауап ретінде қарсы оқ жаудырғанын растады. "Біз оқиғаның анық-қанығын біліп, осындай жайтты енді болдырмас үшін кореяаралық байланысты іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар, дайын отырмыз", - деп жазылған Оңтүстік Корея штаб жетекшілерінің біріккен комитеті баспасөз хабарламасында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу