Корей Халық Демократиялық Республикасының билігі 5 мамырда өз сағатын Оңтүстік Кореяның сағатымен бірдей етіп өзгертетін болды, деп хабарлайды Today.kz НТВ арнасына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Кореяның орталық телеграфтық арнасы таратты. Корея ақпарат агенттігі ҚХДР жоғарғы халық жиналысының президиумында қабылданған "Пхеньян уақытының өзгеруі туралы" бұйрыққа сүйенген.
Солтүстік Кореядағы барлық сағаттың тілі 5 мамыр күні 30 минут алға жылжиды.
Естеріңізге салайық, 27 сәуірде КХДР басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин тарихи кездесу жасап, соның нәтижесінде екі Корея бір сағаттық белдеумен жүру туралы шешім қабылдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу