КХДР ядролық сынақтар жүргізсе, АҚШ атом ұшақ тасымалдауышын жібереді

448

АҚШ билігі КХДР ядролық сынақ жүргізген жағдайда Жапония мен Корея Республикасына қолдау көрсету үшін атом ұшақ тасымалдаушысын Жапон теңізіне жібереді.  

КХДР ядролық сынақтар жүргізсе, АҚШ атом ұшақ тасымалдауышын жібереді Фото: Әлеуметтік желі

Бұл туралы сейсенбіде Kyodo ақпараттық агенттігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Сонымен қатар, ядролық сынақ жүргізілсе Вашингтон, Токио мен Сеул Пхеньянға қарсы қосымша санкциялар енгізеді, бұл елге мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға шектеулерді күшейтеді және "Солтүстік Корея билігімен байланысты хакерлер топтарына әсер етеді".

4 қарашада Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Хироказу Мацуно баспасөз мәслихатында Жапония КХДР ядролық сынағын өткізу сценарийін жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, АҚШ пен Оңтүстік Корея билігі бірнеше ай бойы КХДР келесі ядролық сынақтарға дайындалып жатыр деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу