ҚХЛ: "Барыс" "Металлургтен" жеңіліп қалды

605

Елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде "Металлург" (Магнитогорск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚХЛ: "Барыс" "Металлургтен" жеңіліп қалды Фото: prosports.kz

Бірінші тайм голсыз аяқталды, екінші кезеңде "Барыс" сапынан Нельсон Ножье мен Джереми Бракко гол соқты.

Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте "Металлург" мергендік танытты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына есе жіберді.

Енді "Барыс" 13 қарашада Ресейде "Салават Юлаев" (Уфа) командасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу