Астаналық команда бұған дейін жеті ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті. Салдарынан турнир кестесінде он сегізінші орынға түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ойын есебін ресейлік команданың ойыншысы Владислав Кара 7-минутта ашты. Сондай-ақ, ойынның 40-минутында ол тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Қазақстандық Дінмұхамед Қайыржан 54-минутта "Витязь" қақпашысын қапы қалдырды.
Осылайша "Барыс" қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
11 қарашада "Барыс" сырт алаңда Магнитогорскінің "Металлургімен" ойнайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу