ҚХЛ: "Барыс" ресейлік "Сибирь" клубын жеңді

505

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матчта Астаналық "Барыс" хоккей командасы өз алаңында "Сибирь" командасымен ойнады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚХЛ: "Барыс" ресейлік "Сибирь" клубын жеңді Фото: vesti.kz

Ойынның бірінші кезеңінде Джереми Бракко "Барыс" командасын алға шығарды. Екінші кезеңде ресейлік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылып, нәтижесінде ойынның 33-минутында "Сибирь" хоккейшісі Вячеслав Основин гол соқты. Ойынның 58-минутында "Барыс" сапынан Линден Вей гол соқса, 59-минутта Кирилл Савицкий қорытынды есепті қорытындылады.

Осылайша "Барыс" қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

3 қазанда "Барыс" өз алаңында "Адмирал Владивосток" клубымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу