ҚХЛ. "Барыс" жеңілістер сериясын жалғастырды

352

"Барыс" қатарынан соңғы төрт кездесуде жеңіліс тапты.

ҚХЛ. "Барыс" жеңілістер сериясын жалғастырды Фото: hc.barys

Сырт алаңда өткізген екінші ойында "Барыс" ЦСКА-дан жеңіліп қалды. Астаналық хоккейшілерден Аңсар Шайхмедденов медициналық себептерге байланысты кездесуге қатыспады. Сондай-ақ матчтан Әділ Бекетаев пен Батырлан Мұратов тыс қалды. Команда сапына Тамирлан Гайтамиров, Әлихан Әсетов және Александр Борисевич қайта оралды.

Есеп алғашқы кезеңнің ортасында ашылды. Алаң иелері ұйымдастырған шабуылға Павел Карнаухов нүкте қойды. Бұған "Барыс"  жекпе-жекте Иван Федотовтан айласын асыра алмаған Джозеф Лабэттің жақсы пасымен жауап берді. Көк сызықтан қақпаға соққы бағыттаған Самат Данияр да гол соғуға біртабан жақын болды. Бірақ командалар үзіліске ЦСКА-ның басымдығымен кетті. 

Екінші кезеңнің соңына қарай Михаил Григоренко ойыншылар санының басымдығын пайдаланып, есепті еселей түсті. Соңғы үшінші таймның бірінші минутында Даррен Дицтің соққысынан кейін "Барыс" қақпасына үшінші шайба соғылды Ойынның нүктесін Константин Окулов қойды. Қорытынды есеп 4:0. 

6 қазанда Андрей Скабелканың командасы Балашихада Витязбен ойнайды.

ЦСКА – "Барыс" 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 08:12 – Карнаухов (Плотников, Окулов)

2:0 – 35:29 – Григоренко (Нестеров)

3:0 – 40:55 – Диц (Окулов)

4:0 – 56:15 – Окулов

Қақпашылар: Федотов – Шутов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу