ҚХП-ға жарты миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

772

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында Қазақстан Халық партиясының үгітшілері мен сенімді өкілдері 500-ден астам түрлі үгіт-насихат шарасын ұйымдастырып, 1 млн-ға жуық үгіт-насихат өнімін таратты. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының XVII кезектен тыс съезінде айтылды.

ҚХП-ға жарты миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

– Партия әлеуметтік желілерде ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізді. Науқан кезінде 8 млн рет қаралған 200-ден астам түрлі бейнеролик пен  бейнеөтініш жарияланды. Парламент Мәжілісінің сайлауында ҚХП 9,1% дауыс жинап, 10 депутаттық мандатқа ие болды. Жарты миллионнан астам қазақстандық бізге дауыс берді. Біз сенімді ақтауға тиіспіз! – деді ҚХП республикалық сайлауалды штабының жетекшісі, ҚХП орталық комитетінің хатшысы Олжас Сыздықов

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу