ҚХР елшісімен Қазақстан азаматтарының Қытайдағы туыстарына қатысты мәселе талқыланды

749

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚХР Елшісі Чжан Сяомен кездесіп, Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері  талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚХР елшісімен Қазақстан азаматтарының Қытайдағы туыстарына қатысты мәселе талқыланды

Маңызды тақырыптар арасында тараптар Қазақстан азаматтарының ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы өтініштерін талқылады.

Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу