ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда

1020

2020 жылдың 6 қаңтарынан 1 ақпан аралығында елімізге 27 мың 53 адам келді.

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда – 20 мың 208 адамды, теміржол вокзалдарында 399 жолаушыны тексерді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"ЖРВИ белгілерімен 75 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 31-і жазылып шықты, қазір стационарларда медициналық бақылауда 44 адам қалды",– деп хабарланды ведомстводан.

Ресми хабарламада айтылғандай, ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілген. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі игерген.

Министрліктің хабарлауына сенсек, бүгінде республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқшаулауға арналған бокстар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал сақадай сай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу