ҚХР өнімдерді сертификаттау зертханасының құрылысын қаржыландырады

821

ҚХР өнімдерді сертификаттау зертханасының құрылысын қаржыландырады

ҚХР Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау зертханасының құрылысын қаржыландырмақ. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы "Қазақ агротехникалық университетінің" басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.

Оның айтуынша, бірлескен зертхана келер жылдың басында ашылмақ.

"Мен Қытайдың ғылым және технология министрінің қабылдауында болдым. Онда Астанада осы зертхананы салу мәселесін қарадық. Әзірге жобаның құнын айта алмаймын. Шамамен 1 миллон доллар айналасында", — деді университет басшысы.

Айта кетейік, осындай бастама Қазақстанда бұрын да болған. Биыл ҚХР-ға экспортталатын тауарларды зерттеу бойынша мал дәрігерлігі зертханасы ашылғалы жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу