Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезі аясында Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосю осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, Қытайдың Украинадағы дипломатиялық өкілдіктері осы елдегі қауіпсіздік саласындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ҚХР азаматтарын эвакуациялауға дайындалуда.
"Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қытай азаматтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауға және Украинадағы ҚХР дипломатиялық өкілдіктеріне тезірек хабарласып, дереу елден кетуге шақырамын", – деді Ма Чжаосю.
Бұған дейін Global Times газетінің хабарлауынша, Украинадағы дағдарыс басталғалы бері Қытай үкіметі Украинадан 6 мыңға жуық ҚХР азаматын эвакуациялаған.
Басылымның хабарлауынша, Украинада қытайлықтар анағұрлым азайған.
"Наурыз айындағы эвакуациядан кейін ҚХР азаматтарының аз ғана бөлігі бизнеске байланысты немесе оқуға оралды", – деп жазады газет.