Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында жарияланды.
"Сіз Қазақстан Республикасының негізін қаладыңыз және өз халқыңыздың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген ұлт көшбасшысысыз. Өзіңізбен бірге Қытай-Қазақстан қатынастарының игілігі жолында иық тіресіп жұмыс істеген кездерді жиі еске аламын. Екі ел ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сіз әрдайым менің жақсы досым болып қала бересіз. Әрі қарай да Қытай мен Қазақстан арасындағы достықты дамытуға көңіл бөлесіз деп сенемін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр мен барлық бастамаларыңызға табыс, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тілеймін", – деп жазылған Си Цзиньпиннің жеделхатында.