ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің биліктегі өкілеттігі ұзартылды

729

ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің биліктегі өкілеттігі ұзартылды

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің биліктегі өкілеттігі ұзартылды, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін бүкілқытайлық халық өкілдерінің сессиясында депутаттар конституцияға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Басты құжаттың бекітілген жобасына сәйкес Си Цзиньпиннің билігіне шектеу қойылмайды.

Бүкілқытайлық халық өкілдерінің ХІІІ шақырылған сессиясын тарихи оқиға деуге болады. Депутаттардың көбі конституцияның өзгертілген жобасын бірауыздан қолдады. Сессияның екінші пленарлық отырысына қатысқан 2964 адамның 2 958-і ҚХР коммунистік партиясының ұсынысын құп көрді. Екі депутат қарсы дауыс берсе, үшеуі қалыс қалды. Бір бюллетень жарамсыз деп танылды. Дауыс беру үрдісін қытайлық және шетелдік журналистер бақылады. Бірақ бюллетеньдерді толтыру кезінде оларға 5 минутқа залдан шығуға тура келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу