ҚХР валюта нарығының қараша айындағы айналымы 2,3 трлн долларды құрады

1032

ҚХР валюта  нарығының қараша айындағы айналымы 2,3 трлн долларды құрады

Қазан айында бұл көрсеткіш едәуір төмен – 1,5 трлн доллар болатын.

Соның ішінде 2,1 трлн юаньді  (шамамен 304 млрд) шетелдік валютаға қатысты банк пен оның клиенттері арасындағы операциялар құраса, қалған 13,8 трлн юаньді (шамамен 2 трлн доллар) банкаралық сектордағы айналым құрайды. Қазан айында бұл көрсеткіш едәуір төмен – 11 трлн юань (1,5 трлн доллар) болатын.

Өткен жылы Қытай сырт  елдерге ашықтық саясаты аясында  шетелдік орталық банктер мен бірқатар басқа ұқсас қаржылық құрылымдарға өзінің банкаралық валюта нарығына енуге рұқсат берді. 2015 жылы Қытайдың валюта нарығында жасалған операциялардың жалпы көлемі 111 трлн юаньді  (16 трлн доллар) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу