ҚХР вируспен күресу үшін 9,5 млрд доллар шығындады

972

Індетпен күресу үшін Қытайға 11 мемлекет қаржылай көмек көрсеткен. Олардың қатарында біздің ел де бар.

ҚХР вируспен күресу үшін 9,5 млрд доллар шығындады

Коронавируспен күресу үшін қазынадан 9 млрд 56 млн доллар шығарған. Қытай, қазірдің өзінде оның жартысына жуығын жұмсап үлгеріпті, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізде болса, өткен аптада мамандар ақпанның онына таман вирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда, қайтыс болғандар саны тәулік өткен сайын артып барады. 

Бейжіңдегі биліктің хабарлауынша, бөлінген қаражаттың төрттен бір бөлігі елдің орталық бюджетінен қарастырылған. Оған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, азық-түлік қоры толықтырылыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу