Kia арзан электромобиль шығарады

833

Батареялы көліктер Еуропада үлкен сұранысқа ие. Кореялықтар осы бағытта қарқынды жұмыс бастады. 

Kia арзан электромобиль шығарады

Kia-ның топ-менеджері Эмилио Эррера AutoExpress-ке берген сұхбатында осы жайында айтты. Оның сөзінше, шағын электромобиль 6 000 еуро тұратын Citroen Ami ситикарымен бәсекелеседі. 

Машина қуаттау бекеттері көп үлкен қалада қолданылуға тиіс, оған көп жүріс қорының қажеті жоқ. 

Мұндай көліктің Қазақстанға жетер-жетпесі белгісіз, десе де Kia мамандары модель жаһандық деңгейде ауқым алады деп үміттеніп отыр. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу