Танымал актер Киану Ривз режиссер Мэттью Росстың "Сібір" атты фильмінде басты рөлге ие болды. Онда Лукас есімді қаһарман орақ пен балғаның фонында көрініс беретін болады. Бұл туралы mir24.tv хабарлайды.
Аталған триллердің сюжеттік желісі Сібірге өте сирек кездесетін алмаз түрлерін саудалауға аттанған кейіпкердің айналасында өрбиді. Яғни, Ресейге келісім шартқа отыруға келген Лукас жергілікті кафенің иесі Катяға ғашық болып қалады. Алайда, басы шырғалаңға түсіп, бір жағы махаббат машақаты, енді бір жағы бизнес мәселелерімен көптеген қиындықтар көреді
Фильмнің сценарийін Скотт Смит жазған. Сондай-ақ, актерлігімен бірге продюсерлер қатарында Киана Ривз де бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу