Кибербуллингті анықтайтын сарапшылар комиссиясы құрылады – "Сарым мен Зәкиева заңы"

892

Мәжіліс әлеуметтік желідегі кибербуллингке қатысты заң жобасына сенат депутаттары енгізген түзетулермен келісті. 

Кибербуллингті анықтайтын сарапшылар комиссиясы құрылады – "Сарым мен Зәкиева заңы"

"Сенат екі норманы нақтылады. Оның біріншісі кибербуллингті анықтау бойынша сарапшылар комиссиясын құру. Екіншісі – кибербуллингке ғана қатысты ақпараттарды жою. Бұл ұсыныстар мәжіліс ұсынған түзетулермен толық сәйкес келеді", – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Төменгі палата басшысы сонымен қатар осы заң жобасын әзірлеп, қорғаған Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғысын білдірді.

"Үлкен пікірталас болды. Олар принципалды түрде өз ұстанымын қорғады", – деп түйді сөзін Ерлан Қошанов.

Заң жобасы "Баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу