Киберқауіпсіздік бойынша білім беру гранттары артты

201

Ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша бөлінетін білім гранттары жылдан-жылға артып келеді.

Киберқауіпсіздік бойынша білім беру гранттары артты Фото: canva.com

2022 жылы 2600 грант бөлінсе, былтыр оның саны 3600-ге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды оқыту мақсатында біздің мемлекет білім гранттарының санын жылдан-жылға арттырып келеді. 2022 жылы 2600 грант бөлінсе, былтыр оның саны 3600-ге жетті (ақпараттық қауіпсіздік мамандығы – ред.)", – деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов. 

Сонымен қатар, министрлік жыл сайын киберқауіпсіздік саласына қатысты ел арасында сауалнама жүргізеді. 

"Біз жыл сайын халық арасында киберқауіпсіздік пен жеке ақпаратты қорғау  жайлы танымдарына қатысты сауалнама жүргіземіз. 2022-2023 жылдар аралығында статистиканың жақсарғанын көруге болады. 2023 жылы сауалнамаға қатысушылардың 80%-ы киберқауіпсіздік жайлы хабардар екені анықталды, 2022 жылы бұл көрсеткіш 77%-дан аспады", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу