Киберқылмысқа қарсы күрес: Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің ІІМ басшылары кездесті

319

Мәскеу қаласында өткен отырысқа Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Киберқылмысқа қарсы күрес: Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің ІІМ басшылары кездесті Фото: Ішкі істер министрлігі

Кездесуге ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының өкілдері де қатысты.

Ведомстволар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы мәселені қарады.

Бұдан басқа, министрлер бірлескен шешімге қол қойды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған іс-шаралар белгіленді. Отырыс достық атмосферада өтіп, маңызды шешімдер қабылдауға ықпал етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу