Киберқылмыспен күрес: Өткен жылы ІІМ-нің 4 қызметкері шетелде оқып келді

342

Үшеуі Ресейде, біреуі Сингапурде оқыды. 

Киберқылмыспен күрес: Өткен жылы ІІМ-нің 4 қызметкері шетелде оқып келді Фото: blog.cortel.cloud

Былтыр Ішкі істер министрлігінің 4 қызметкері киберқылмыспен күрес саласы бойынша шетелде оқып келді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат Жарқынбек Амантай спикерден киберқылмыспен күресте қанша маман оқытылып жатқанын сұрады.

Айдос Рысбаевтың сөзінше, мықты IT маманды полиция қызметкерінің айлығына жұмысқа тарту өте қиын.

"Жедел уәкілдің, тергеушінің бір айлық ақшасын IT мамандар бір күн, аптаның ішінде табады. Біздің жұмыс оларды қызықтырмайды. Сол себептен сырттан ала алмасақ та, өзіміз осындай қызметкерлерді шығарып жатырмыз. Қазір Алматы, Қарағанды академияларының базасында екі факультет ашылды. Алматы академиясында жедел уәкілдерді, Қарағанды академиясында тергеушілерді және криминалист мамандарды дайындап жатырмыз. Бірақ олар оқуды бітіріп шыққанша қазір жұмыс істеп жатқан қызметкерлерімізді біліктілікті арттыру курстарына жіберудеміз. Былтыр осындай қызметкерлердің саны 300-ге жетті. Шетелден тренерлерді шақырттық. Қызметкерлерді шетелге жіберіп жатырмыз. Былтыр 4 қызметкер оқуға барып келді. ІІМ-нің ақшасы жеткіліксіз болды. Үшеуі Ресейде, ал біреуі Сингапурде оқыды. Өздеріңізге мәлім, киберқылмыспен күресте тәжірибесі мол мемлекеттің бірі Сингапур және Ұлыбритания (Лондон)", - деді ол Мәжілісте өткен комитет отырысында

Сөзінше, бұл мәселе ведомствоның қатаң бақылауында.

Бүгінде 300 адамның ішінде 19 IT қызметкер бар.

"Биыл шамамен 80 адамды екі академиядағы біліктілікті арттыру курсына жіберу жоспарланып отыр", - деді ІІМ өкілі Айдос Рысбаев.

Айта кету керек, осыған дейін депутат бір адамға берілетін SIM-карта санына шектеу қоюды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу