Кибершабуылдан бизнеске 200 мың доллардай шығын келеді

994

Салдарынан мұндай компаниялардың 60% жабылып қалатын көрінеді.  

Кибершабуылдан бизнеске 200 мың доллардай шығын келеді

Соңғы жылдары кибер қылмыс фактілері белең алуда. Accenture компаниясының дерегі бойынша, алдағы бес жылда шабуылдардан әлемдегі шағын бизнес 5,2 трлн доллар көлемінде қаражат жоғалтады. Қазіргі интернет шабуылдардың 43% кіші бизнеске қарсы бағытталған екен. Бұл көрсеткіш күн санап өсуде.  

2019 жылы шағын кәсіпорындарға жасалған шабуылдан 200 мың доллардай шығын келген. Hiscox сақтандыру компаниясының мәліметі бойынша, салдарынан фирмалардың 60% алты айдан кейін жұмысын тоқтатқан екен.

Keeper Security дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда шамамен 10 компанияның 7-еуі цифрлық қорғаныс үшін мүлдем қаражат бөлмейді.

"Қаскөйлер ойын жүзеге асыру үшін әбден дайындалады, қазіргі шабуылдар күрделеніп кеткен. Әрі шабуыл жасаушылар компьютерлік жүйенің әлсіз тұстарын тез анықтап алады",  – дейді Darktrace компаниясының кибербарлау бойынша директоры Джастин Фиер.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу