Kids go free: 2-14 жас аралығындағы балалардың билет құны кешіріледі

795

Бірақ бұл жеңілдікті алу үшін арнайы талаптарды орындау керек. 

Kids go free: 2-14 жас аралығындағы балалардың билет құны кешіріледі

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев баяндамасын Kids go free бағдарламасының талаптарын түсіндіруден бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша бұл отбасылық демалысты ұйымдастыру көлемін арттыруға бағытталған шаралардың бірі. Биыл Kids go free бағдарламасының әкімшісі және операторы Kazakh Tourism компаниясы болмақ. 

"Бағдарлама арқылы балалардың ұшу шығынын субсидияланады. Бағдарлама туристік операторлар арқылы ғана жүзеге асырылады. Жеңілдікті пайдалану үшін  2-14 жас аралығындағы балалары бар отбасы қазақстандық курорттарға туристік операторлар арқылы билет сатып алуы керек. Тек сол жағдайда балалардың билет құны кешіріледі", – деді Ержан Еркінбаев.

Мұндағы жалғыз талап – ұшып келген жерде отбасы 4-5 күннен кем болмауы керек. 

"Осы арқылы біз Қазақстандағы отбасылық демалысты қолдаймыз. Есебіміз бойынша осы шаралардың нәтижесінде бір отбасының жолдама алуға кететін шығыны 20-30% қысқарады", – деді Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу