Kids Go Free бағдарламасын 800-ге жуық отбасы пайдаланды – Асхат Оралов

432

Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және бизнесті қолдау мақсатында былтырдан бастап мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енгізілген.

Kids Go Free бағдарламасын 800-ге жуық отбасы пайдаланды – Асхат Оралов Фото: Ашық дереккөзден

Биыл Kids Go Free бағдарламасын пайдаланушылар санын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Осы уақытқа дейін Kids Go Free бағдарламасын 800-ге жуық отбасы пайдаланды. Соның арқасында 1,6 мың бала ел бойынша тегін саяхаттауға мүмкіндік алды. Биыл осы бағдарламамен 2 есе көп баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар өтеу сомасы 480 млн теңгеден асатын 29 жоба бойынша өтінімдер мақұлданды. Бұл ретте мұндай нысандардың инвестиция көлемі шамамен 4,5 млрд теңгені құрады", - деді ведомство басшысы.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұл мемлекеттік қолдау шаралары бойынша оң нәтиже байқалып отырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу