Kids Go Free: Биыл 2 000-нан аса бала тегін ұшады

486

Бағдарлама іске асқан жылы турпакет аясында 1 500 бала тегін ұшқан.

Kids Go Free: Биыл 2 000-нан аса бала тегін ұшады Фото: google.com

Мәдениет және спорт министрі қанша қазақстандық бала Kids Go Free бағдарламасы бойынша демалысқа тегін ұша алатыны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов отбасылық демалысты ынталандыру мақсатында балаларға ел ішінде тегін ұшуға мүмкіндік беретін Kids go free бағдарламасын іске асыруды жалғастырады

"Биыл 2 000-нан аса бала тегін ұшақ билетімен қамтылады деп күтілуде", - деді ол. 

Айта кетейік, 2022 жылы 1 қаңтарда Қазақстан бойынша туристік жолдама құрамында кәмелетке толмаған (екі жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда) жолаушылар үшін билет құнын субсидиялау күшіне енді. Бұл шара ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың ішкі демалыста ұшуы үшін төлем жасамауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу