Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматыда өтіп жатқан форумға екі елдің туризм индустриясының 300-ден астам өкілі қатысты.
Сондай-ақ форум қатысушылары Димаш Құдайбергеннің "Киелі мекенім" әніне арналған жаңа клипін бірінші болып тамашалады.
Жаңа бейнебаян Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.