Киелі жерлер қатарындағы "Тақсай ханшайымы" кесенесіне вандалдар зиян келтірді

2160

"Тақсай ханшайымы"  – еліміз бойынша табылған жеті "Алтын адамның" бірі.

Киелі жерлер қатарындағы "Тақсай ханшайымы" кесенесіне вандалдар зиян келтірді

Батыс Қазақстан облысынан Қазақстанның киелі жерлерінің қатарына енгізілген жеті нысанның бірі  – Тақсай обалар кешеніндегі "Тақсай ханшайымының" кесенесін қатты жел бұзып кеткен. 

"Біздің қызметкерлеріміз бұл жерге жиі келіп, қарап, жинастырып кетіп тұрады. Бірақ, өткенде жел қатты соққан кезде арка құлап кетіпті. Біз адамдармен барып, тастарды қоршаудың артына жинадық. Енді осы кесенені жасаған ақтаулық шеберлермен байланыса алмай отырмыз", – дейді Теректі ауданының Долин ауылдық округінің әкімі Талғат Манатауов.

Белгілі болғандай, тарихи кесене "Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы" МКҚК балансында тұр екен. Табиғи факторлардан бөлек, жақында мәдени ескерткіштің кей жерлерін жергілікті вандалдар да бұзып-жарып, зиян келтіріп кетіпті. Қалай болғандай да, аталған мавзолей карантин шараларынан кейін ғана жөнделіп, қалпына келмек. 

БҚО Теректі ауданы Долинное ауылының маңындағы сармат кезеңіндегі әйелдің жерленген жері 2012 жылы табылып, кесенесі 2018 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын қолдаған меценаттардың қаражатына салынған. Ол – еліміз бойынша табылған жеті "Алтын адамның" бірі болып саналады. Түпнұсқасы ҚР Ұлттық музейінде сақтаулы тұр. "Тақсай ханшайымынан" табылған алтын әшекейлердің салмағы үш келіге жуық. Оның мүрдесі табылғанға дейін бұл маңайды құнды қазына іздегендер қазып, бүлдіріп кететін болған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу