Киев келіссөзге дайын, Мәскеу ұсынысты сараптауда

935

Ресми Киев Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын, деп хабарлайды Atameken Business.  

Киев келіссөзге дайын, Мәскеу ұсынысты сараптауда

Мұндай мәлімдемені бүгін кезекі рет жолдау жасаған Украина Президенті жариялады. Мұндай қадамға Владимир Зеленский  қантөгісті тоқтату үшін барып отырғанын айтты.

Бұл ұсынысты Ресей тарапы "жақсылыққа бетбұрыс" деп бағалады. 

"Мұны қаперге алдық, қазір сараптама жасап, жағдайды екшеп жатырмыз. Артық алып қосарым жоқ", – деді Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресми Мәскеудің Украинамен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге дайын екенін бүгін Ресей Президенті Владимир Путиннің өзі де мәлімдеді. Бұл ойын ол Қытай Халық республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы болған әңгімесінде жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу