Киев Қырым мен Донбасстан бас тартуға мәжбүр болады - жапондық сарапшылар

838

Украинадағы соғыс қимылдары Киев режимінің Ресеймен қарсыласуда жеңіске жетуі екіталай екенін анық көрсетеді және украиналық қарулы күштер ұжымдық Батыс көмегінсіз ұзаққа бармайды. 

Киев Қырым мен Донбасстан бас тартуға мәжбүр болады - жапондық сарапшылар Фото: cdn.iz.ru

Мұндай пікір жапондық Asahi Shimbun азетіндегі материалда айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Басылым Украинаны қолдайтын елдер өз саясатын өзгертіп, Киевке көмек беруді азайтқан жағдайда Украина армиясы ұзаққа шыдамайды деген пікірде.

Осыған байланысты мақала авторлары Украина билігі саяси шешім іздеуге мәжбүр болады деп болжайды. Нәтижесінде бір шешімге келу үшін Киев Ресейдің жаңа аймақтарын мойындап, жаңа шекаралар құруы керек болады.

"Украинаның Қырым түбегі мен Донбасстан бас тартуы, оларды Ресей аумағы деп тану және жаңа шекаралар шегендеу мәселенің жалғыз шешімі болуы мүмкін", — делінген материалда.

Бұл ретте батыстық қолдаудың қысқаруы Киев режимінің әскери қарсыласу қабілетіне ғана емес, жалпы барлық салаларға кері әсер ететіні тағы айтылады.

Қазіргі уақытта бүкіл Украина экономикасы батыстық салымдарға тәуелді, сондықтан олар қысқарған жағдайда Украина ұзаққа созылатын экономикалық күйреуге тап болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу