Киев маңында тікұшақ апатынан Украина ІІМ басшысы мен тағы 15 адам қаза тапты

447

Украина ІІМ басшысы Монастырский мен оның бірінші орынбасары Енин Броварыда ұшақ апатынан қайтыс болды.  

Киев маңында тікұшақ апатынан Украина ІІМ басшысы мен тағы 15 адам қаза тапты Фото: google

Украина ІІМ басшысы Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин Киев облысының Броварыдағы балабақшаға маңына құлаған тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы ел полициясының басшысы Игорь Клименко хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Бүгін таңертең  ТЖМ тікұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ апатынан ІІМ басшылығы қаза тапты: министр, министрдің бірінші орынбасары мен Мемлекеттік хатшы", - делінген хабарламада.

Барлығы 16 адам қаза тапқаны белгілі —олардың тоғызы тікұшақ бортында болды, құрбандардың арасында екі бала болған. Зардап шеккендердің 22-сі ауруханада (оның 10-ы балалар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу