Киев мэрі: Қалада жылумен жабдықтау жүйесі өшірілсе, эвакуациялау басталады

496

"Украинаның елорда тұрғындары эвакуациялауға дайын болуы керек", - деді Виталий Кличко.  

Киев мэрі: Қалада жылумен жабдықтау жүйесі өшірілсе, эвакуациялау басталады Фото: pravda.com.ua

Киев мэрі Ресейдің инфрақұрылымға әуе шабуылдары жалғасатын болса, осы қыста Украина астанасы үлкен қиындыққа тап болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Виталий Кличконың айтуынша, әзірге тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ, бірақ олар бәріне дайын болуы керек.

"Киев электр қуатынсыз, сусыз және жылусыз қалуы мүмкін. Барлығы қорқынышты фильмдердегідей болуы, қыстың аязында жылусыз қалу сияқты қиындықтар туындауы әбден ықтимал", - деді Кличко Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

"Бірақ біз ондайға жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деді қала мэрі.

Дегенмен, Украина астанасында жылу толығымен өшіп қалған жағдайда қаланың барлық 3,6 миллион тұрғынын қабылдай алатын жылы баспаналар жеткіліксіз, егер жағдай одан әрі нашарласа, адамдар эвакуациялауға дайын болуы керек, деді Кличко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу