Бүгін Ресей армиясының жаңа шабуылдарынан соң Украинаның Львов, Хмельницкий, Винница, Ровно облыстарына снарядтар түсіп, жарылыстар болып, электр желілері үзілді.
Ал Киевте камикадзе-дрондардың соққысынан көпқабатты үй қирап, үш адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде жүкті әйел бар. Бұл туралы қала мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-каналында жазды.
Осыған дейін Ресей Украинаны шекара маңындағы Белгород облысындағы нысандарға соққы берді деп айыптаған болатын.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        