Киев: Ресей Қара теңіз елдеріне қауіп төндіреді

805

Резниковтың айтуынша, Ресей азаматтық кемелерге қарсы арандатушылық әрекеттерін жүзеге асыруда

Киев: Ресей Қара теңіз елдеріне қауіп төндіреді

Ресейдің Украинаға басып кіруі Қара теңіз елдеріне тікелей қауіп төндіреді. Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Түркия, Болгария, Грузия, Польша және Румыния елдерінің Қорғаныс министрлерімен онлайн форматта кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жиында Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселелеріне және Ресейдің Украинаға шабуылы салдарынан туындаған гуманитарлық түйткілдерге айрықша атап өтілді.

"Халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігіне нұқсан келді", – деді Резников.

Резниковтың айтуынша, Ресей азаматтық кемелерге қарсы арандатушылық әрекеттерін жүзеге асыруда. Олардың кейбіреулері украиналық порттарда қалып қойған, бірқатарына шабуыл жасалған. 

"Ресей флоты 2014 жылға дейін Украинаның әскери-теңіз күштеріне тиесілі  миналарды теңізге лақтыруда. Де-факто – бұл азаматтық кемелерге қарсы жасалып жатқан террористік актілер", – деді Украинаның Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу