Киев Ресейдің талаптарын орындамайды – Кулеба

1652

Украина қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге дайын. 

Киев Ресейдің талаптарын орындамайды – Кулеба

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба және Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың Анталияда өткен келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тараптар атысты тоқтату туралы ортақ мәмілеге келе алмады.

"Мен бұл келіссөздерге екі тапсырмамен келдім. Біріншісі – Мариупольден гуманитарлық дәліз ұйымдастыру. Екіншісі – адамдардың барлық қажеттіліктері үшін кем дегенде 24 сағаттық бітім жасасу", – деді Кулеба.

Оның айтуынша, ресми Киев Ресей қойған талаптарды орындамайды.

Кулеба Лавровпен болған келіссөздерде гуманитарлық шешімді табу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. Ол Ресей және Түркия СІМ басшыларымен тағы да кездесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар Кулеба Киевтің қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін жеткізді.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу