Киев Ресеймен келіссөздерге қатысты ұстанымын жеңілдетуге дайын

597

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Киев Ресеймен келіссөздерге қатысты ұстанымын жеңілдетуге дайын Фото: delfi

Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер шарттарын талқылауға және соғысты тоқтатуға әзір.

Украин шенеуніктері соғысты тоқтату және "икемді" ұстанымды қабылдау қажеттілігін қабылдауға дайын екендіктерін ашық айтты. 

Шенеуніктердің бірі Зеленскийдің қыркүйекте ұсынған "жеңіс жоспары" Вашингтонда салқын қабылданып, Батыс одақтастар Киевтен нақтылық талап етіп, қысымды күшейткен.

Майдандағы жағдай, қаржыландырудағы қиындықтар мен АҚШ-тағы алдағы президент сайлауы Украинаның одақтастарын "келіссөздер арқылы қақтығысты тоқтату мүмкіндігін мұқият қарастыруға" итермелейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу