Украина билігінің мәліметінше, бір адам қайтыс болды, тағы төртеуі зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.
Ресейлік армияның Киевке түнгі шабуылынан кем дегенде бір адам қаза тапты, деп хабарлады Украина астанасының әкімі Виталий Кличко. Жәбірленушінің денесі көпқабатты үйдегі өртті сөндіру кезінде табылды.
Кем дегенде тағы төртеуі зардап шекті, деп нақтылады ТЖМ. Олардың екеуі сынған әйнектерден жапа шексе, екеуі уланып қалған.
Украина билігінің хабарлауынша, Киевке ирандық камикадзе дрондары шабуыл жасаған, олардың 20-сы да жойылған. Олардың қалдықтары қаланың төрт ауданына табылды. Нәтижесінде тұрғын үйлер бүлініп, өрт шықты.