"Украинаның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana бүгіннен бастап Киевке ұшатын барлық рейсті 2022 жылғы 7 наурызға дейін тоқтатады. 2022 жылғы 22 ақпаннан 7 наурызға дейін сатып алынған билеттерді 31 наурызға дейін
тегін қайта брондауға немесе қайтаруға рұқсат беріледі", – деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жолаушыларға SMS-хабарлама жіберілді.
Киевке ұшатын рейстер туралы ақпаратты airastana.com сайтынан алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу