Киевте балабақша тәрбиешілері балаларды азаптаған - Украина Ұлттық полициясы

553

Киевте Украинаның құқық қорғау органдары балаларды азаптады деген күдікпен жеке түзету балабақшасының төрт тәрбиешісін ұстады. 

Киевте балабақша тәрбиешілері балаларды азаптаған - Украина Ұлттық полициясы Фото: img2.eadaily.com/

Бұл туралы Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала тергеу барысында ведомство қызметкерлері ұсталғандардың балаларға физикалық әрі психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады.

Тергеушілер ерекшеліктері бар балаларды ақылы түрде арнайы балабақша күнделікті апарғандарын, бірақ оның ішінде не болып жатқанын білмегендерін айтады. Ал онда баланы беру құны - 8-15 мың гривен (217 доллардан 408 долларға дейін).

Даму ерекшеліктеріне байланысты балабақша тәрбиеленушілері бұл туралы ата-аналарына айта алмады. Атап айтқанда, ұсталғандар балаларды шкафта жауып, аяқтарымен қолдарын басқан, баланы басқа бүлдіршіндер алдында мазақ етіп, қорлаған, ыңғайсыз жағдайда ұзақ тұруға мәжбүр еткен, басылды, аузын скотчпен орап, сүлгімен жауып тастаған кездері де болған.

Нәтижесінде тәрбиешілер "қайталанып отырған не өзгелермен алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырылған азаптау әрекеттері" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Олар бес жылдан он жылға дейін түрмеде отыруы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу