Киевте Қазақстан-Украина бизнес форумы өтті

1418

Екі күн бойы екі елдің бизнес өкілдері 150 жуық B2B форматында кездесу өткізді.

Киевте Қазақстан-Украина бизнес форумы өтті

Екі елдің жүзден астам іскер топ өкілдері қатысқан форум барысында қос тараптың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, екі жақты ынтымақтастық пен оларды дамыту жолдары талқыланды, деп хабарлайды Хабар24 телеарнасы.

Қос тараптың іскер топ өкілдері - тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина құрастыру, фармацевтика, химия әрі электротехника саласының өнімдерін өзара алып сату бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.  Әлбетте, іскерлік  байланыстың бастауы – екі ел арасындағы достық екенін еске салды елші.

"Қазақстан мен Украина арасында ешқандай саяси және экономикалық текетірес жоқ. Біз стратегиялық серіктес елдерміз. Жүзден астам мемлекетаралық келісім шарт жұмыс жасайды. Сондықтан біз сауда байланысын арттырып, ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз", - деді Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті Елшісі Самат Ордабаев.

Құрамы 80 пайызға жаңарған Украина Парламенті қызметіне жақында кіріскені рас. Жаңа Үкімет бағытын Еуропамен ынтымақтастыққа бұрғанмен, Орталық Азияның көшбасшы елі – Қазақстанмен байланысын бекемдей түскенді жөн көреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу