Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев Киевте "SkyBank" қазақстандық банкінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қаржы мекемесі жеке және барлық меншік нысандардағы заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Банк қызметінің маңызды бағыты Қазақстан мен Украинаның шаруашылық субъектілері арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды және нақты сектордағы кооперациялық байланыстарды кеңейтуге қолғабыс жасайтын кәсіпорындарға қызмет көрсету мен несие беру болып табылады.
Іс-шараға Украинаның ресми тұлғалары, шетел елшілері, Украина банктерінің тәуелсіз ассоциациясының және ресми ұйымдардың басшылығы, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу