Киевтегі электр қуаты екі-үш сағатқа қосылады, деп мәлімдеді Украинаның ДТЭК энергетикалық компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Сахарук, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз бірте-бірте қосып-өшіре бастаймыз, Киевке түсетін энергия көлемі ұлғайғанша екі-үш сағатқа ғана жарық береміз", - деді Сахарук Украинаның жаңалықтар телемарафонында.
Сондай-ақ, Сахарук Киевтің тұрғын үй қорының 70%-ында электрмен жабдықтау жоқ деп мәлімдеген Украина астанасының қалалық әскери әкімшілігінің ақпаратын растады.
Украинаның Энергетика министрлігі сәрсенбіде ресейлік соққылардың салдарынан барлық атом электр станциялары мен ЖЭС пен ГЭС-тің көпшілігі уақытша қуатсыз, ал электр энергиясын тұтынушылардың басым көпшілігі жарықсыз қалғанын хабарлады.