Киевтегі атыстар: әуе қорғанысы құралдарымен 40-тан астам дрон атып түсірілді

3112

Демалыс күндері украиналық Әуе қорғанысы 110-нан астам дрон мен қанатты зымырандарды атып түсірді. 

Киевтегі атыстар: әуе қорғанысы құралдарымен 40-тан астам дрон атып түсірілді Фото: РБК

Жексенбіде украиндар Киев күнін атап өтті және биліктің пікірінше, шабуылдар соған орай әдейі жасалды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Киев пен облыс тағы да түнгі ресейлік шабуылдарға тап болды. Биліктің айтуынша, елорданың айналасындағы әуе кеңістігінде әуе қорғанысы 40-тан астам жау нысанасын құлата алды.

Украина тарапы хабарлағандай, шабуыл аралас болды - "Шахид" типті дрондардан бөлек Киевке қанатты зымырандар атылды.

Бір күн бұрын ғана Киевке жаппай шабуыл жасалды, нәтижесінде бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Президент Владимир Зеленский аталмыш шабуылды соғыс басталғаннан бергі ең ірі деп бағалады, алайда дрондардың көпшілігі атып түсірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу