Киевтегі кәсіпкерлер карантинге қарсы ереуілге шықты

593

Олар шектеу шараларын тоқтатуды талап етуде.

Киевтегі кәсіпкерлер карантинге қарсы ереуілге шықты

Украина астанасы Киев қаласында кәсіпкерлер коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты. Жоғарғы рада ғимаратының жанына жиналған. 

Бас көтергендер ел парламентінің ғимараты орналасқан көшені бөгеп тастап, биліктен "бизнесті тұншықтырмауды" және карантин шараларын тоқтатуды талап етуде. Сонымен қатар салық салу пен есептің жеңілдетілген жүйесін қорғауға бағытталған заң жобасын қабылдауға үндеуде. 

Бұған дейін Украина билігі 8 және 24 қаңтар аралығында қатаң карантин шараларын енгізіп, жалпыұлттық карантин мен төтенше жағдай режимін 28 ақпанға дейін созған еді. Локдаун кезінде мектептер мен ЖОО-дары жабылып, бірақ балабақшалар жұмысын жалғастыра береді. Бұдан бөлек қоғамдық шараларды өткізуге, базарлар, ойын-сауық орындары мен мәдениет мекемелерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Табиғат Нұрболат

Фото: ukraina.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу