Бұл туралы қала басшысы өзінің Telegram арнасында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.
"Елордада, алдын ала мәліметтер бойынша — Оболон мен Святошин аудандарында жарылыстар болды. Барлық қызметтер оқиға орнына барады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Кличко Қаланың Святошин ауданындағы дүкендердің бірінде өрт болғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, Украина астанасына соққылар жасалғанын басқа да ақпарат көздері растады. Мысалы, "Военкоры Русской Весны" Telegram арнасы Киевтегі түнгі жарылыстың видеокадрларын https://t.me/RVvoenkor/41491 жариялады.